Полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде
Бірақ Алматыға шектес елді мекендерде тұратын азаматтар арнайы рұқсат қағаздары арқылы кіре алады. Індетті таратпау мақсатында қаладан елді мекендерге қатынайтын 49 қалааралық маршрутқа шектеу қойылды. Негізі бұл бағыттар бойынша күн сайын 92 автобус шығады. Осы тұста айта кететін бір жайт, Алматы облысының аудандарына бару үшін Алматы қаласына кірмей айналып өтетін карта жасалды. Бұл карта Полиция департаментінің сайтында тұр. Сандық форматтағы картаны кез келген адам ұялы телефонына жүктей алады.
Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі:
- Қазіргі таңда блокбекеттердегі ахуал тұрақты. Азаматтардың көп шоғырлануы байқалады. Бірақ олар көбінесе қаланың ішіне кірмек болатын азаматтар. Қалаға ресми тіркеуі бар тұрғындар кіргізілуде.