Отандық мамандар коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуді қолға алмақ
Ол бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінде департамент директоры болған. Қазір коронавирус өршіп тұрған шақта отандық биотехнологтар коронавирусқа қарсы вакцина әзірлеуге кіріспек. Бұл туралы Ұлттық биотехнология университетінің мамандары хабарлады. Алдымен ғалымдар 5 түрлі вакцина жасап, оларды сынақтан өткізіп, жарамдысын кәдеге жаратады. Препаратты дайындау үшін озық үлгідегі техникалар жеткілікті. «Бұл ретте коронавирустың таралмауы маңызды, сондықтан мемлекет қабылдаған шараларға қоса әр азамат бұған асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс», – дейді мамандар. Отандық ғалымдар қаңтарда қауіпті індетті 6 күнде анықтайтын сынақ жүйесін ойлап тапқан.
Ерлан Раманқұлов, Ұлттық биотехнология орталығының бас директоры:
- Біздің ұйымдарда жинақталған тәжірибе жетерлік. Заманға сай ғылыми база да бар. Өндіріс технологияларын дамытып, сынақтан өткізіп, шетелдік баламалардан тиімділігі кем түспейтін отандық дәрі-дәрмекті әзірлейтін мамандар жұмыс істейді. Алайда бұл өте күрделі зерттеуді қажет ететін жұмыс. Бір жылдың көлеміндей уақыт кетеді. Сондықтан барлық алдын алу шарасын сақтау маңызды.