Масканы пайдалану және утилизациялау тәртібі қандай?
Медициналық масканы немесе респираторды қалай пайдалану керек?
Әсия Молдыманова, ТКҚС Бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы:
- Коронавирус анықталғалы бері елімзде бетпердені кию өте маңызды. Оны қандай кезде киеміз? Ауру салдары бар, жөтелу, түшкіру және ентігу белгілері бар адамдар киеді. Сондай-ақ коронавирус індеті анықталған адамдарды бағып жатқандар да кию керек. Ал симптомдар жоқ азаматтар масканы тақпаса болады. Бірақ көп адам шоғырланған жерде таққан жөн.
Дәріханаларда маска жоқ болса, оны қолдан жасауға бола ма және оны қалай жасайды?
Әсия Молдыманова, ТКҚС Бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің бөлім басшысы:
- Бетпердені қолдан жасауға болады. Оған стерилді дәкені пайдалануға болады. Оған әр адам өз бетінің размеріне байланысты 30 см қашықтықта , 5-6 рет қабаттап жасаса болады.