Түркістанда облысаралық автобус бағыттары тоқтатылды
Сондай-ақ жолаушылар көп шоғырланатын төрт автовокзал мен Кентау, Арыс, Жетісай қалалары және Сарыағаш, Отырар аудандарындағы автобекеттердің қызметі карантиндік режим аяқталғанша уақытша жабылды. Бұған дейін облыс аумағынан жүретін халықаралық автобус бағыттарына шектеу қойылғандығы туралы айтқан болатынбыз. Мамандар коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында өңір тұрғындарына сақтық шараларына барынша мұқият болуды ескертеді. Гигиеналық талаптарды сақтап, карантиндік режим аяқталғанша қоғамдық көлікпен сапарға шықпауға кеңес береді.
Мақсат Мырзабаев, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
- Ауданаралық бағыттар кестесінің 50% тоқтаттық. 31 кестеменен қазір ауданаралық қатынастар болып жатыр. Күнделікті залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу мәселесі қарастырылған. Таңертең шыға берісте және кешке жұмыстан қайтқан кезде автобустарда дезинфекция жасалады. Бұл жағдай бойынша күнделікті біз облыстағы ситуациялық орталыққа ақпар беріп, бақылауда ұстап отырмыз.