Карантин кезінде мұғалімдердің жалақысы қысқартылмайды
Білім және ғылым министрлігі мен барлық білім басқармасы жанынан құрылған жобалық ұйымдар әдістемелік ұсынымдар жасау бойынша жұмыстарды жүргізуде. Ұстаздар қауымы да жаңа форматқа әзір. Мұғалімдер мектептегі сабақ кестесіне сай сағатын өткізетін болады. Сондай-ақ карантин кезінде мұғалімдердің жалақысы қысқартылмайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Каринова айтты.
Шолпан Каринова, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары:
- Бүгінгі күні «Kundelik» ресурсы, «Bilim Land» ресурсы, «Дарын Онлайн» ресурсы және т.б қазақстандық ресурстар, сонымен қатар халықаралық ресурстар бар. Олардың барлығы да тегін деңгейде қолжетімді. Барлық педагог осы интернет ресурстарды пайдалана алады. Мұғалімдердің жалақысы қысқартылмайды. Осы оқу жоспарына байланысты жұмыс істейді. Мектептегі жалақыға байланысты толығымен төленеді.