Түркістан облысында мұқтаж жандарға көмек көрсетіледі
Бұл қаржы індетке қарсы күресте халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуге, мұқтаж жандарға қорғаныс заттары мен медициналық маскалар және антисептикалық құралдарды сатып алуға жұмсалады. Сондай-ақ азық-түлік пен қажетті тауарларды алуға бағытталады. Ең алдымен соғыс ардагерлері, қарт адамдар, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар көмек алады. Сонымен қатар осы қаражат есебінен балалар үйлері мен ауруханаларға көмек көрсетіледі.
Бейсен Тәжібаев, Nur Otan партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
- Қамқорлық кеңесінің құрамына қоса отырып, бұл жұмысты біз бірге қолға алып отырмыз. Мұндағы мақсатымыз – өңірдегі барлық кәсіпкерге, кәсіпорынға, демеушіге үндеу жасау арқылы бастама көтеру. Осы тиісті отбасыларға, азаматтарға қажетті азық-түлік пен медициналық құрал-жабдықтармен қамту болып табылады.