Өзіне тиісті емес 42500 теңгені алған азаматтар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды
«42 500 теңгені қателесіп алған бірде-бір адам жауапқа тартылмайды. Осыған тоқталайық. Біз ешкімді тексермейміз, бұл – әлеуметтік төлем», — деді министр.
Жалпы 3,96 млн-нан астам қазақстандыққа төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты жалпы 157 млрд теңге сомасынан 42 500 теңге жәрдемақы тағайындалды.
Әлеуметтік жәрдемақыны тағайындауда жеке куәліктің мерзімі өткен жағдайда төлемді бермеу мәселесі қарастырылмайды. Сондай-ақ төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін ресми түрде жұмыс істеген зейнеткерлер бұл төлемді алуға құқылы. Зейнеткер Әлеуметтік сақтандыру қорына аударым жасамаған болса да, жәрдемақыны ала алады.