Фермерлерге аптасына екі рет онлайн кеңес беріледі
Фермерлер қандай субсидияларды ала алады? Жеңілдетілген несиелер кімдерге тиесілі?
Осы сауалдарға Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазагро» холдингінің өкілдері жауап береді.
Онлайн кеңес аптасына екі рет әлеуметтік желілерде өтіп тұрады. Бұл бастамаға ұйытқы болған – «Ауыл» партиясы. Алғашқы онлайн кеңестің тақырыбы инвестициялық жобалар мен ауыл шаруашылығы техникасына бөлінетін субсидияға арналды. Сондай-ақ «Ауыл» партиясы көктемгі дала жұмыстарына арналған Call-орталық ашуды жоспарлап отыр.