Хабар телеарнасы

WhatsApp видеоқоңырауларға қойылатын шектеулерін өзгертті

WhatsApp видеоқоңырауларға қойылатын шектеулерін өзгертті

Бұрын төрт адам қатыса алса, енді сегіз адам топтық аудио немесе видеоқоңырау арқылы бір мезгілде сөйлесе алады. Бұл туралы WABetaInfo порталы хабарлады.

Айта кетсек, қазіргі уақытта мессенджердің iOS және Android операциялық жүйелеріндегі мәтіндік нұсқаларына қойылатын шектеулер көбейді. Бұған дейін WhatsApp хабарламалар таратуға шектеу енгізгенін жаздық.