Алматы облысында 330 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді
«Біз біргеміз!» акциясы аясында ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шарасына жергілікті кәсіпкерлер, кәсіпорындар және қалалық Мәслихат депутаттары атсалысып жатыр.
Іс-шара басталғалы Қапшағайдағы көпбалалы аналар мен мүгедектерге, асыраушысынан айырылған отбасыларға 12 тонна азық-түлік тегін таратылған. «Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады», – дейді акцияны ұйымдастырушылар.
Агата Сағымбекова, қала тұрғыны:
– Өзім көпбалалы анамын. Күйеуімнің жұмыссыз қалуына байланысты хабарласқанымызда мына демеушілерді тауып, азық-түлікпен, гигиеналық затпен қамтамасыз етті.
Бақдәулет Үсенов, демеуші:
– Бүгінде 18 отбасына азық-түлік беріп жатырмыз. Осылай әркім өз үлесін қосатын болса, әр қиындықты жеңіп шығамыз.