Хабар телеарнасы

Жұмыспен қамту бағдарламасы карантин уақытында да сәтті жұмыс істеп тұр

Жұмыспен қамту бағдарламасы карантин уақытында да сәтті жұмыс істеп тұр

Жұмысқа орналасуға өтініш берген қала тұрғындары онлайн режимінде кеңес ала алады. Сонымен қатар қоңырау шалу орталығының нөмірлері www.cz.astana.kz ресми сайтында қолжетімді.

«Еңбек» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігімен «Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Қоғамдық жұмыстар» бағдарламаларына қатысуды ұсынады.

Бұған қоса, жұмыс берушілердің сұрауы бойынша бос жұмыс орындары ұсынылады.

Қызметкерлерді іздеу туралы ақпарат ЭЕБ «Жұмыс» www.enbek.kz порталында жазылған.