Ақтөбе қаласы мен облыстың бес ауданында төтенше жағдай жарияланды
Ақтөбе қаласы мен облыстың бес ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Аймақ бойынша 200 астам үй су астында қалса, 2 870 адам эвакуацияланған.
Өңірдегі ахуалмен Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр танысты. Ол орталық және жергілікті органдардың жұмысын үйлестіру барысын бақылап, еріген қар суына толған Ақтөбе су қоймасында болды. Роман Скляр қойманың жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді, ал су жіберу бойынша барлық істі атқарушы органдармен келісуді тапсырды. Сондай-ақ Сазды су қоймасы мен Елек және Қарғалы өзендерінің бойындағы тұрғын үй алаптарын тікұшақпен аралап шықты. Алға ауданындағы қорғаныс бөгеттерін де тексерді. Су тасқыны салдарын жою үшін облысқа 220 адам мен 20 астам техника жұмылдырылған.
Роман Скляр, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары:
- Өкінішке қарай біздің азаматтарымыздың табиғи апатқа тап болуы бірінші рет емес. Сондықтан баспанасын қайта қалыпқа келтіру, шығынын өтеу, үйін жөндеу немесе жаңасын салу мәселесін арнайы комиссия, әкімдік қарастырарады. Қажетті көмек көрсетіледі.