«Хабар» Агенттігінің қолдауымен Екінші Дүниежүзілік соғысқа арналған онлайн конференция өтті
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Хабар» Агенттігінің қолдауымен сұрапыл соғыс тақырыбына арналған онлайн конференция өткізді. Оған әлемнің 12 мемлекетінің профессорлары, тарихшылары мен ғалымдары қатысып, өз ойларымен бөлісті. Конференцияның ортақ тақырыбы – Екінші Дүниежүзілік соғысқа қатысқан елдердің қандай маңызды рөл атқарғандығы және олардың қазіргі қарым-қатынасы жайында болды. Ғалымдар тарихты бұрмалауға болмайтындығын айтады. Себебі бұл – ортақ ерлік, ортақ естелік. Ол – өскелең ұрпақ үшін үлкен сабақ.
Ақбота Жолдасбекова, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры:
- Жалпы бұл конференцияның өскелең ұрпақ үшін маңызы зор. Әлемдік конфликт және бейбітшілікті зерттеу мектептерінің ары қарай зерттеуіне ықпал тигізеді деп сенеміз.