Түркістан өңіріне гуманитарлық көмек жіберілді
Қажетті азық-түлік тиелген жүк көлігі, сәтін салса, екі тәулік ішінде оңтүстікке жетеді. Петропавлдан Түркістан өңіріне дейінгі арақашықтық 2200 шақырымнан асады. Судан зардап шеккен аймақ халқына қолдау ретінде 14 тонна ұн, 5 тонна картоп және 1 тоннадан астам макарон өнімдері жіберілді. Қайырымдылық көмекке Nur Otan партиясы, жергілікті кәсіпкерлер мен волонтерлер қолдау көрсеткен.
Кемел Оспанов, облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы:
- Біздің айтатынымыз: мұндай жағдай тек қана олардың ғана емес, біздің де басымызда болған. Бізге де осындай көмектер көрсетілген. Сондықтан мақтааралдықтарға айтатынымыз: осы кезде мықты болып, өздерінің шыдамдылығын көрсетіп, осы қиындықтан шығуына тілектеспіз. Қазақта «асар» деген ырым болған. Сондықтан осы көмегіміз – біздің мақтааралдықтарға асарымыз.