Хабар телеарнасы

Димаш Құдайбергеннің әндері Грекия радиосында шырқала бастады

Димаш Құдайбергеннің әндері Грекия радиосында шырқала бастады

2019 жылдың қыркүйек айынан бері Димаштың фан-клубының Грекиядағы қатысушылары сол елдің жергілікті радиостанцияларына Димаштың әндерін қосу мақсатында электронды хаттар жолдай бастаған, деп хабарлады dimashnews.com.

Солтүстік Грекиядағы танымал радиолардың бірінің продюсері Анастасия Конуопи Димаштың шығармашылығымен танысқаннан кейін ерекше әсер әлып, әншінің әндерін күн сайын эфирге шығаратын болған.

Қазақстандық әншінің әндері радио толқынында естіле бастағаннан-ақ Анастасияға көптеген сезімге толы және таңданыстарын жасырмаған хаттар легі келе бастады. Ал «DQGreece» фан-клубының қатысушылар саны күн санап арта бастады. Грекиялық Dears-тің ендігі арманы – Одеон Герода Аттика сахнасында Афины қаласының ашық аспаны астында Димаштың концертін өткізу.