Елімізге бір тәулікте Ресейден 45 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді
Бұл жолы 30 тоннаға жуық препарат жеткізілді. Қазіргі кезде елімізде тапшы болып тұрған азитромицин, меро-пенем, гепарин, фраксипарин сынды вирусқа қарсы және дене қызуын басатын дәрілер келді.
Еске сала кетейік, кеше түстен кейін Алматыға дәл осындай жүкпен алғашқы ұшақ келіп қонған болатын. Сонымен бір тәулікте Мәскеуден 45 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді. Мұның барлығы еліміздің өңірлеріндегі дәріханаларға таратылады. «Ол алдағы екі айда сұранысты толығымен қамтамасыз етуге жеткілікті», – дейді қала басшылығы. Ал келер аптада Үндістаннан дәрі-дәрмекпен тағы екі ұшақ ұшып келуі тиіс.