Хабар телеарнасы

Мемлекет басшысы коронавирустан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты

Мемлекет басшысы коронавирустан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты

«Біз бүгін індеттен қаза болған отандастарымызды еске алып, тағзым етеміз. Қайтыс болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында бұл сынақты тезірек еңсереміз деген сенімдемін», – деп жазды Тоқаев twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы үкімет пен әкімдер осы қиыншылықтардан шығу үшін шұғыл шаралар қабылдап жатқанын және қиын-қыстау кезеңде талмай-тынбай еңбек етіп дәрігерлердің, полиция қызметкерлерінің, еріктілердің жанкешті жұмысына ризашылық білдірді.