Коронавируспен 46 мыңнан астам маман күресіп жатыр
Өңірлерде эпидемиолог, анестезиолог, пульмонолог, инфекционист, реаниматолог мамандар жетіспейді. Министрлік КВИ-мен күреске қарсы түлектерді тартып жатыр. Оның ішінде, анестезиолог – 88, пульмонолог - 7, инфекционист – 26. Сондай-ақ, кадр тапшылығын шешу үшін министрлік шаралар қабылдап жатыр. Медицина университеттері бойынша 2 083 волонтер маман тартылды.
Президенттің Атырау облысында кадр тапшылығын шешу тапсырмасы бойынша, 13 шілдеде бірқатар шара қабылданды. Бас санитар дәрігердің бақылауы бойынша өңірге тауар мен қызметті бақылау бойынша 5 маман, 6 ресейлік маман, 10 клиникалық кафедра ғалымы, 9 клининцист бағытталды. 78 интерн дәрігер бір апта ішінде жетеді. Бұл шаралар Атырау облысын 108 жоғары білікті маманмен қамтуға мүмкіндік береді.
Маңғыстау облысына 56 маман бағытталады. Тоғыз ресейлік маман өңірде жұмыс істеп жатыр. 42 интерн дәрігер бір апта ішінде жетеді. Маңғыстау, БҚО, Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкентке мамандар тобы жасақталған.