Нұр-Сұлтанда компьютерлік томографтар тәуліктік режимге ауысты
Компьютерлік томография COVID-19 нәтижесінде пайда болатын пневмония мен өкпедегі басқа да патологияларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Елордада 17 КТ аппараты бар. Олардың барлығы тәулік бойы жұмыс істейді. Елорда әкімдігі қосымша тағы екі КТ аппаратын сатып алды. Олар шілде айының соңына дейін қалаға әкелінеді.
Қаладағы барлық 14 мемлекеттік және 2 жеке емханада рентген аппараттары бар. Маусым-шілде айларында 20 мыңға жуық кеуде қуысына зерттеу жүргізілді.