COVID-19 анықталған науқастарды емдеуге қосымша 5 дәрі-дәрмек қолданылады
- Категория: Қоғам

Фото: rus.azattyq-ruhy.kz
Коронавирус жұқтырып, ауруды жеңіл көтерген тұрғындар бұдан былай амбулаторлық ем-дом қабылдай алады.
Яғни учаскелік дәрігерлер диагнозы анықталған науқастарға бекітілген дәрі-дәрмек беріп, емдейтін болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрімен өткен брифингте мәлім болды. Алексей Цойдың хабарлауынша, емдеудің 10-хаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Осыған сәйкес қазіргі таңда арнайы комиссия коронавирустан емдеуге қолданылатын тағы 5 препараттың тізімін әзірлеп жатыр. Оған парацетамол, ибупруфен сынды дене қызуын төмендететін препараттар мен қосымша антибиотиктер енгізілуі мүмкін. Айта кетерлігі, бұл дәрілер коронавирус анықталған науқастарға дәрігердің нұсқауымен тегін берілетін болады.
Тегтер:
Covid19,
науқастар,
емдеу,
дәрідәрмек,
амбулаторлық ем,
коронавирус,
Алексей Цой,
парацетамол,
препарат,
Өзекті жаңалық,