Ғалымдар коронавирустың тағы бір құпия тұсын тапты
Мамандар жұқпалы дерттің адам ағзасындағы жасушаларға енуіне негіз болатын басты ферментін тапты. NSP-16 (Эн-Эс-Пи-16) деп аталған ақуыз денедегі жасушалардың ағзаға түскен коронавирусты бөтен деп танып, онымен күресуіне мүмкіндік бермейді екен. Осылайша вирустың адам ағзасына тез еніп, көбеюіне жол ашатын көрінеді. Ғалымдар: «Бұл келешекте жұқпалы дертке қарсы жаңа дәрілерді жасап шығаруға көмектеседі», – деп отыр.