Қазақстандықтарға көшеде маска тағып жүруге міндеттелді
Елімізде осыған міндеттейтін ресми құжат пайда болды. Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова 27 шілдеде жаңа қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес қазақстандықтар жабық нысандармен бірге көшеде және көлікте маска тағып жүруге міндеттелді. COVID-19 бойынша күдікті адамға көмектесетін сау азаматтарға және коронавирус инфекциясына ұқсас ауру белгілері пайда болған жағдайда қаулының бұл бөлігі міндетті түрде орындалуға жатады. Бұл талап сақталмаған жағдайда кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Тәртіпті бұзған жағдайда кінәлі 83340 тг айыппұл тағылады. Егер тағылған айыппұлды бір апта ішінде төлесе, 50% жеңілдік беріледі, яғни 41680 тг төлейді.