Хабар телеарнасы

Қазақстанда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина салынды

Қазақстанда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина салынды

Алғашқы вакцинаны орталық директоры Қайсар Табынов алды. Препаратқа COVAX-19 атауы беріліпті.

Австралияда жасалған вакцина клиникалық сынаманың бірінші фазасынан өткен.

Бір қызығы аталған вакцинаға Денсаулық сақтау министрлігінің ешқандай қатысы болмай шықты.

Олар: "Екпені елге кіргізуге министрлік тарапынан ешқандай рұқсат берілмеді", - деп отыр.

Бағдат Қожахметов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі:
– Ресми түрде аграрлық университеттің зерттеу орталығы бар. Олардан Денсаулық сақтау министрілігіне бірде-бір ұсыныс түспеген. Яғни ресми түрде Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулерге рұқсат бермеген. Негізі бұл ұжым немесе кез келген жеке тұлға өзінің жауапкершілігімен өзі істеуге құқы бар. Егер ол басқа адамдарға зиянын тигізіп жатса, онда органдар қосылуы мүмкін.