СҚО-дағы ауыл шаруашылығы техникалары тозған
Петропавлда өткен жиында осы мәселе көтерілді. «Ауыл» партиясының өкілдері, мемлекеттік орган басшылары, шаруалар мен қаржы институтының жетекшілері ауыл шаруашылығын механикаландыру барысын талқылады. Жылда осы мақсатқа қомақты қаржы жұмсалғанымен, тракторлар 83, ал комбайндар 72% тозған. Биыл аймақта машина-трактор паркін жаңартуға 40 млрд теңгеден астам қаржы бағытталған.
Темірғали Әбілмәжінов, «Ауыл» ХДП партиясы СҚОФ төрағасы:
- Облыс бойынша қазіргі уақытта техника 83% тозған. Кей ауданда ол 90% дейін жетеді. Жаңарту 4,3% құрайды. Жұмыстың бәрі жүріп жатыр. Бірақ нәтиже әлі жоқ деп айтуға болады.