Жаңақорған ауданында жылқылардың неден қырылғаны анықталып жатыр
Айтуынша, жылқы гастрофилезі ауруынан өлген малға өтемақы төленбейді. Өйткені аталған індет аса қауіпті жұқпалы ауруға жатпайды. Ветеринар бұған дейін жүздеген бас жылқының қырылуы жайлы жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр. Басқарманың ақпаратына сай қазір 94 бас жылқы осы ауруға шалдығып, 29-ы өлген. Қалғанын емдеп, жазған. Алайда Жаңақорған ауданының Байкенже ауылының тұрғыны Ербол Өскенбаев қырылған мал басы әлдеқайда көп екенін айтты.
Ербол Өскенбаев, Байкенже ауылының тұрғыны:
- Бір ауылдың өзінен екі жүздің үстінде кетіп қалды. Менің өзімнен 45 бас, біреуден 30, тағы біреуінен 20 жылқы қырылды. «ИСЖ-да тіркеліп тұру керек, сырғасымен, құжатымен алып келіңіздер, қараймыз», – деп жатыр.
Ерсұлтан Әпетов, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:
- Жылқы малдары арасында паразитарлық ауру болып есептеледі. Жалпақ тілмен айтсақ, құрттар, ішек құрт ауруы. Сол құрттар миға барған кезде кеңсірікке, көмейге, миға түседі де, жылқы малының барлық ойлау қабілеті бұзылады. Азық та жей алмай, су да іше алмай қалады. Содан азып-тозып, өлімге ұшырайды.