Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі стратегия әзірлеуде
Саладағы жүйелі проблемаларды жою. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ұлттық банк осы бағыттағы жұмысты жандандыра түседі. Ол бойынша қазір арнайы стратегия жасалуда.
Ал Жаңа жылға дейін Ұлттық банк жанында ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылады. Оған үлкен жүк артылғалы отыр. Себебі ел экономикасының тынысы негізінен сонда қабылданған шешімдерге байланысты болады.
Ел ішінде «Ақша тап па, есеп тап» деген сөз бар. Бұл жекелеген адам ғана емес, тұтас елдің ұстанымына айналуы тиіс. Соданда болар Президенттің биылғы Жолдауында Ұлттық банкке ақша-кредит саясатының стратегиясын әзірлеу міндеті жүктелді. Ол құжат 2030 жылға дейінгі мерзімді қамтуы тиіс. Бас қаржылық ұйым қазір түрлі есеп-қисап, болжамдармен танысып, жүктелген міндетті орындау қамына кіріскен.
Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
– Ол ақша-кредит саясатын тиімді іске асыруға кедергі келтіретін жүйелі проблемаларды жоюға ықпал етеді, теңгеге және жүргізіліп отырған саясатқа деген сенімді арттырады. Сондай-ақ тұрақты инфляцияны қамтамасыз ету арқылы Қазақстан экономикасына келетін инвестициялар үшін жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Сонымен қоса Президенттің тапсырмасы бойынша 2020 жылдың соңына дейін Ұлттық банк жанында Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылатын болады.
Ақылжан Баймағамбетов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары:
– Бұл алқалы органның басты міндеті – базалық ставка мен оның дәлізінің мөлшері жөнінде шешім қабылдау болып табылады. Бүгінге дейін бұл бойынша Ұлттық банктың директорлар кеңесі шешім қабылдайтын. Енді бұл құрам айтарлықтай кеңейеді.
Атап айтқанда, оның құрамына тәуелсіз мүшелер кіреді. Заңнамалық актілерге тиісті өзгерістер 2020 жылдың соңына дейін енгізіледі.
Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Аманжол Байғазин