Хабар телеарнасы

Қарағанды қар астында қалуы мүмкін

Ал бір компания берілген ақшаны әлдеқашан игеріп тастаған. Соның салдарынан Майқұдық ауданының жолдарын бір айдан бері ешкім тазаламай отыр.

БЛИЦ:

– Қаланың ішін ғана тазалайды ғой, Майқұдыққа онша мән бере бермейді. Мостылардың үстіне тұз сеуіп, бірдеңе қылу керек қой. Әйтпесе қиын ғой мына жерде.

– Мен тазалап жүрген машина, техника көрген жоқпын кешеден бері.

– Вокзалдың маңайы ғана ғой, акимат екеуі. Былтыр мен жол тазаланғанын көрген жоқпын. Майқұдық туралы мүлдем айтпай-ақ қояйын. Тазалап жүрген ешқандай трактор көрген жоқпын.

Қылаулаған қар күндіз еріп, кешкілік көк мұзға айналады. Соның кесірінен жол апаттары жиілеген. «Сондықтан жаяу жүргіншілер өтетін жерге, қауіпті бұрылыстарға міндетті түрде тұз араласқан құм себу керек», – дейді тәртіп сақшылары. Ал Майқұдық ауданында оны атқаратын ешкім жоқ. Негізі мердігерлермен бір жылға келісімшарт жасалады. Бірақ қаржы нақты жұмыс көлеміне қарай бөлінеді. Жыл басында қар қалың түскендіктен берілген ақша көктемде таусылып қалған. Қазір қосымша қаржы бөлу жағы қарастырылып жатыр. Ал қыс болса, қыр астында.

Еркебұлан Кәрімғожин, қалалық Полиция басқармасының бас мемлекеттік автоинспекторы:

– Жол-техникалық инспекциясының мамандары Қарағандыдағы барлық жолдарға тексеріс жүргізді. Қаланың шеткі аудандарында көп көшелер қардан дер кезінде тазаланбаған, құм себілмеген. Ол жайында біз жергілікті әкімдікке ақпарат жібердік және бұл жұмысқа жауапты мердігер компанияға ескерту жасадық.