ММУ елордадағы филиалында «Абайдың замандастары мен мұрагерлері» атты халықаралық конференция өтті
«Содан да болса керек, ақынның аударма өлеңдерінің өзі түпнұсқаға пара-пар» , – дейді зерттеушілер.
Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің елордадағы филиалында өткен «Абайдың замандастары мен мұрагерлері» атты халықаралық конференцияда ғалымдар Абай мен сол дәуірдегі ақын-жазушылардың қарым-қатынасы, оның әдеби сын мен публицистика тарихындағы рөлін талқылады.
Жиын ақынның 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған.
Александр Сидорович, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының директоры:
-Бізге Абайдың ұлы мұрасы жетті. Оны біз жоғары бағалаймыз әрі сақтап қаламыз. Осылайша кейінгі ұрпаққа аманат етеміз.