Павлодарда «Біз тұратын өлке» атты зағип жандарға арналған киелі жерлер картасы жарық көрді
Картаны АП-162/4 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандар қолдан жасаған. Басты мақсат – әлеуметтік туризмді дамыту және үйінен ұзап шыға алмайтын кембағал жандарды туған өлке тарихымен таныстыру.
Нұрия Көбенова, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бөлімінің басшысы:
– Зағип жандар өздері мына картадан қарап немесе мына макеттерді қолмен ұстап көргеннен кейін олар білетін болады. Жасыбай көлін, Мәшһүр мешітінің макетін көрсе де түсіне біледі. Қандай мешіт екенін, Жасыбай көлі қандай болатынын біледі.