ШҚО-да «Абай алаңы» ашылды
Алаңның қақ ортасына хәкімнің алып ескерткіші қойылды. Қоладан құйылған ақын сұлбасының жалпы биіктігі – 6 метр. Он мыңнан астам тұрғыны бар аудан орталығында бұрын ұлы Абайдың есімі берілген бірде-бір нысан болмаған еді. Сондықтан орталық алаңға да хәкімнің есімі берілді.
Ал саябақ толық абаттандырылып, жан-жағына жарық қойылды. Бұл болашақта түрлі мәдени шараларды түнде де өткізіп, халықтың емін-еркін серуендеуіне мүмкіндік береді.
Биыл Күршім ауданы орталығында 4 көше жолы толық жөнделді. Ал аудандағы жалпы елді мекендердің инфрақұрылымын жөндеуге биыл 5 миллиардқа жуық теңге бөлінген.
Қасен Зәкәрия, ақын:
– Мұның бәрі халық үшін, кейінгі ұрпақ үшін. Мына ескерткіштің, мына алаңның, қазіргі жүргізіп жатқан үгіт-насихат идеологияның маңызы өте зор. Біз негізі Абайдан бастау алып, сөзімізді Абаймен бастап, ұрпақты Абаймен тәрбиелесек, келешекте ұтылмайтынымыз хақ.