Алматыда зиялы қауым өкілдері Ұлттық ғылым академиясында бас қосты
Өйткені Тұңғыш Президенттің докторлық жұмысы ел экономикасының жаңа бағытта өзгеруін діттеген реформаның негізі болды. Осы және өзге де тың деректер туралы жазылған биобиблиографияда Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметі, стратегиялық бағдарламалары, түрлі басылымдарда жарияланған мақалалары жинақталған. Жиында Елбасы кітапханасы мен ҰҒА арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА президенті:
- Мұның маңызы өте зор. Өйткені бұл Қазақстан ғылымының халықаралық аренаға шығып, алпауыт мемлекеттермен тең дәрежеде ғылыми қауымдастық құрып, мега проектілермен бірлесіп жұмыс істеуге, жалпы адамзатқа қажет ғылыми зерттеулерді өткізуге көмегін тигізеді.