Карл Байпақовтың 80 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті
Сондай-ақ Ұлы Жібек жолы мыңдаған жылдар бойы түрлі діндер арасындағы толерантты қарым-қатынастың үлгісін көрсеткені тарихтан мәлім. Мұндай ғылыми тұжырымды тарихшы ғалым, академик Карл Байпақов өз зерттеулерінде дәлелді деректермен келтіреді. Ғалымның көп жылғы ізденісіне арқау болған бұл тақырып әлі де өзекті.
Алматыда белгілі тарихшы-археолог Карл Байпақовтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиында ғалымдар бірнеше ғасыр бұрынғы мәдениетаралық, конфессияаралық диалог және діндер тарихына қатысты зерттеулердің маңыздылығы артып отырғанын айтты. «Бұл қазіргі әлемдегі геосаяси үдерістерді түсінуге негіз болмақ», – дейді ғалымдар.
Арнабай Нұржанов, ТҒК, Археология институтының бас ғылыми қызметкері:
- Осыдан XIІ – XIII ғасыр бұрын бір қаланың өзінде бірнеше діннің өкілдері тұрған. Ортағасырлық мәдениетті зерттей отырып, қазіргі өмірімізді осымен байланыстыруымыз керек. Біздің болашағымыз да осындай. Археологиялық ескерткіштер арқылы осының бәрін көріп отырмыз. Міне, Карл Молдахметұлы көбіне осымен айналысқан.