Жамбылда Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алу шарасы өтті
Қоғам тыныштығын күзету жолында ерлікпен көз жұмды. Оған Халық қаһарманы атағы берілді.
Еске алу шарасына марқұмның туған-туыстары, әріптестері және сала ардагерлері қатысты. Жиналғандар қаһарман ұлдың ескерткішіне гүл қойып, бір минут үнсіздік жариялады. Қаладағы тарихи-өлкетану музейінде Ғазиз Байтасовқа арналған естелік тақта ашылды.
Арманжан Ғазизұлы, Ғ.Байтасовтың ұлы:
– Әкеміздің ерлігіне 9 жыл өтсе де халықтың, полиция қызметкерлерінің есінде екен. Ол кісілер бізді әрқашан қолдап, арқамыздан қағып, батырдың ұлы деп қамқорлық көрсетіп жатады. Сол үшін алғысымызды білдіреміз.