Оралда тұрғындар жол сапасына шағымданды
Салдарынан тастар бірікпей, күбір сияқты шашылып жатыр. Әлеуметтік желіде таралған видео бойынша мамандар мониторинг жүргізді. Ұзындығы бір шақырымнан астам жолды жөндеуге бюджеттен 106 миллион теңге бөлінген. Алайда мердігер компания міндетіне салғырттық танытты.
Тексеріс барысында жолдың асты мүлде тегістелмегені анықталды. Әрі төменгі асфальт-бетон жамылғысы битуммен өңделмеген. Қарапайым техникалық талаптар сақталмағандықтан жол қабылданбады. Тапсырыс беруші мекеме мен мердігерге олқылықтарды жою жөнінде ұйғарым берілді.
Зәуірбек Қыпшақбаев, «Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы» БҚОФ инженері:
– Жоғарғы қабат пен астыңғы қабаттың арасындағы байланыс өте әлсіз болады. Содан ақаулар пайда болады ертең. Мердігер – «Разак» ЖШС. Егер де осы соңғы ескертуден қорытынды шықпайтын болса, уәкілетті органдарға шағымданатын боламыз. Тапсырыс жағынан ақшасы төленбей немесе лицензиясынан айыру туралы шаралар қолданылуы қажет.