Ақтөбеде Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен жандарға ескерткіш орнатылды
Игі іске 4 миллион теңге көлеміндегі қаражат «Парыз» қоғамдық қорынан бөлініпті.
Айта кету керек, Семей полигонының ашылған күнінен 1991, яғни 49 жыл ішінде 11 мыңнан астам ақтөбелік әскери борышын дәл сол қауіпті аймақта өтеген. Қазір олардың тек 2 мыңға жуығының көзі тірі. Дені – мүгедек. Сондықтан ескерткіш кешені болашақта ядролық сынақтан зардап шеккен ардагерлердің бас қосып, өмірден озған жандарды еске алар орынға айналатыны анық.
Камиль Марданов, Семей ядролық полигоны сынақтарына қатысушы:
– Ескерткіш сөзінің өзі есте қалу дегенді білдіреді. Яғни өскелең ұрпақ сол бір зұлмат жылдарды ұмытпауы тиіс. Және мұндай қасіреттің қайта болдырмауы керек. Қаза болған жолдастарымызды еске алып, ардагер әріптестерімізбен бас қосатын орынның ашылғанына мен өте қуаныштымын.