Тұрғындар шағымы: Шымкентте жылу, газ, су және жарық жоқ
Олар биліктен қордаланған коммуналдық мәселелерді шешуді талап етті. Дүйім жұрт үйімізде жылу, газ, су және жарық жоқ дейді. Сондай-ақ мектеп оқушыларына тегін тамақ беруді және оқу жағдайларын жақсартуды сұрады. Қалың бұқара әкіммен кездеспек болып, бірнеше сағат бойы тарамай тұрды. Бірақ қала әкімі төбе көрсеткен жоқ. Осы мәселеге қатысты БАҚ өкілдеріне де сұхбат бермеді. Дегенмен баспасөз қызметі қалыптасқан жағдайға қатысты жазбаша жауап таратты. Онда әкімдік алдына жиналған көпбалалы аналарға мемлекет тарапынан бірнеше мәрте әлеуметтік көмек көрсетілгендігі жазылған. Алайда мұндай жауап жиналған жұртты қанағаттандырмады.
Алма Юнсипова, қала тұрғыны:
- Су жоқ, газ, жарық жоқ. Біз қай ғасырда өмір сүріп жатқанымызды білмейміз. Соны сұрайын деп келдім. Бізге уәде береді де қайтарады.
Эльмира Абалбекова, қала тұрғыны:
- Бес бала-шағам бар. Үйде жылу жоқ. Екі баламмен кеше ғана ауруханадан шықтым. Үйім суық.