Қазақстан Коммунистік халық партиясы алдағы сайлауға қатысады
Кезектен тыс съезд шақырылып, партияның арнайы мәлімдемесі жасалды. Жалпы партия мүшелері бірқатар өзекті әлеуметтік мәселелерді талқылауға бастамашы болды. Сондай-ақ қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға және жалпы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған маңызды заңдарды қабылдауға қомақты үлес қосты. «Партия мүшелерінің Парламенттегі және мәслихаттардағы өкілдігін ұлғайтуды, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың жұмыс деңгейін арттыруды көздеп отырмыз», – деді партия өкілдері.
Жамбыл Ахметбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Біз Коммунистік партия алдағы сайлауға қатысатынымызды жеткізгім келеді. Көптеген әлеуметтік мәселелерде партия мүшелері көтеріп жүрді. Алда да жұмыс жалғасын табады.