Мәжіліс пен түрлі деңгейдегі мәслихаттардың депутаттарын сайлау барысы заң тұрғысынан қалай өтті?
– Марат Советұлы, қайырлы кеш! Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтардың 60% ғана дауыс беруге барыпты. Осы туралы не айтасыз?
Марат Башимов, саясаттанушы, заңгер:
– Жаңа өздеріңіз де айтып кеттіңіздер, халықаралық байқаушылар да пікірлерін айтты. Сайлау халықаралық стандартқа сәйкес келеді. Халықаралық байқаушылардың айтқанының барлығы дұрыс. Мен өйткені көп елдегі сайлауға қатысқанмын. Шетелде де, батыс мемлекеттерде де. Оларда мысалы, отыз процент қатысса, мысалы, Польшаны демократиялық мемлекет деп санайды ғой Еуропалық одаққа да, еуропалық кеңесіне де кіреді. Ақырғы сайлауларында 30-33% ғана сайланған. Содан кейін олардың өздері айтады, сіздерде алпыстан асқан процент әскери жоғары процент деп. Өзім де ойлағам, қыс қатты болды ғой, пандемия бір жағынан. Соның өзінде табиғат та жол ашып берді. Екіншіден, біздің азаматтарымыз сайлауда өзінің азаматтық борышын, Конституциялық құқығын қорғаймыз деп дауыс берді. Тағы айтарымыз, сайлаушыларымыз сақтық шараларын ұстанған. Мысалы, сайлаушылар өз қаламдарын қолданды. Өткен үш партия енді заң шығарушы органда жұмыс істейді. Жалпы алпыс пайыз аз көрсеткіш емес. Бұл – әскери жоғары процент.
– Халықтың таңдауы нені білдіреді? Қандай мәселелерге ерекше назар аударылуы керек?
Марат Башимов, саясаттанушы, заңгер:
– Партиялардың бәрінің бағдарламаларында көтерген мәселелері түсінікті. Жалпы дүние жүзінде әлеуметтік, экономикалық жағдай бірінші орында тұр. Иә, көпбалалы аналар, тұрғын үй және басқа көтерілген мәселелер адамға ең керек нәрселер. Бұлар адамға жақын тақырып. Адам өзіне керек нәрсеге қарап дауыс береді. Қазір ел популизмнен қашты. Өйткені халық қазір мына пандемия кезінде үйреніп алды, прагматизм бірінші орында тұр.
– Қарап тұрсақ, бұған дейін Мәжілісте заң шығарушылық функцияға араласып-қатысып, ысылған партиялар өтіп тұр. Бұл былайша айтқанда, жас саяси ұйымдарға тәжірибе жинақтау керек дегенді білдіреді ме?
Марат Башимов, саясаттанушы, заңгер:
– Ана үш партияда тәжірибелер болды ғой. Халық біледі. Олар Парламентте жұмыс істеген. Үгіт-насихат жүргізді. Мысалы, Nur Otan қандай үгіт-насихат жүргізді. «Ақ жол» өзі Парламентке оппозиция заңын енгізді. Айта кету керек, өтпей қалған екі партия жақсы, үлкен жұмыс жасады, тырысты. Анау құрылған «Адал» партиясының өзі қандай?! Жанып тұрған – жастар. Бірақ оларға әлі көп нәрсені үйрену керек. Өйткені халыққа біз Заңдармен жұмыс жасай аламыз дегенді көрсету керек. Ел ойлайды Парламенттік сайлауға түскеннен кейін не жасайды деп? Әрі қарай не істейді деп? Заңды қабылдау үшін көп нәрсені білу керек. Сенің артыңда азаматтар тұр. Жауапкершілік көп оларда. Мен ойлаймын, қазір Парламенттің беті өзгереді. Өйткені қазір ашық бәрі. Бір кезде бәрі жабық болған. Ондай да проблема болған. Қазір депутаттардың өзі – блогер. Халыққа жақындай бастады. Үш партиямен де осындайға жетуге болады. Әбден ысылған. Сайлау жоғары деңгейде өтті. Қауіпсіздік жоғары деңгейде болды. Тәртіп, талап жоғары болды. Ол сайлау бұрынғы сайлаудан өзгерек.