Алмаз Шарман: вакциналау – ұжымдық иммунитетке жетудің ең қауіпсіз әдісі
Ғалымның сөзінше, коронавирустың таралуы ерте ме, кеш пе тоқтайды. Бірақ бұл үшін ұжымдық иммунитет қалыптасуы тиіс. Ал мұның екі жолы ғана бар. Біріншісі, барлық адам індетпен ауырып шығуы керек. Бірақ бұл жағдайда адам өлімі көбеюі мүмкін. Өйткені коронавирус қарттар мен асқынған ауруы барларға үлкен қауіп төндіреді. «Сондықтан ұжымдық иммунитетке жетудің ең қауіпсіз жолы – екпе жасату», – дейді профессор.
Алмаз Шарман, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті:
- Вакциналау адамдардың иммунитетін қалыптастыруды бақылауға мүмкіндік береді. Егер жұмыс дұрыс жолға қойылса, жарты немесе бір жылдың ішінде пандемия аяқталады деген сенім бар. Вакциналау бүкіл мәселенің шешімі деп ойлаймын.
Ғалымның сөзінше, вирустың адамнан адамға таралуын тоқтату үшін халықтың 70 – 80% иммунитет қалыптасуы керек. «Сондықтан Қазақстанда ұжымдық иммунитетке жеттік деу әлі ерте», – дейді ол.
Алмаз Шарман, Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті:
- Иә, ұжымдық иммунитет қалыптасады. Бірақ оның проценттік көрсеткіші нақты қанша екенін ешкім білмейді. Індеттің таралуын тоқтатып, адамдар бұрынғы өмірге орлауы үшін халықтың 70 – 80% иммунологиялық жады қалыптасуы тиіс. Ал біз бұл көрсеткішке әлі жете қойған жоқпыз.