Ертіс өңіріндегі өндіріс орындарының жұмысшылары скринингтен кедергісіз өтеді
Сала мамандарының айтуынша, өндірістік ошақтардың еңбеккерлері жұмыс берушінің рұқсаты болмаған соң, көп жағдайда міндетті скринингке келмейді екен. Енді бұл мәселе шешімін тапты. Алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жұмыскерлерді емханалар бойынша бөлу шаралары қолға алынбақ. Айта кетейік, Павлодар облысы онкологиялық аурулар бойынша елімізде көш басында. Көп жағдайда сүт безі обыры, өкпе, тері, асқазан ісігі тіркеледі екен.