Павлодар облысында апатты қоқыс алаңдары көбейді
Павлодар облысында апатты қоқыс алаңдары көбейген. Мониторинг барысында 200-ден астам қоқыс полигоны анықталып, оның 198-і жойылды. Ал Павлодар қаласы мен Черноярка ауылдық округінде рұқсат етілмеген қоқыс алаңын жою жұмыстары әлі басталмаған. Рейдтік іс-шаралардан кейін жабылған полигондар уақыт өте келе қайтадан пайда болған. Экологтар: «Бұл жыл сайын қайталанатын мәселе»,– дейді. Қоршаған ортаның тазалығы рейдтік іс-шаралар және космомониторингтік суреттер арқылы тексеріледі. Оның өзінде ғарыштық бақылау шалғай жатқан елді мекендерге қамти алмайды.
Руслан Темірболатов, мемлекеттік экология инспекторы
-Жергілікті атқарушы органдар тарапынан қадағалау жұмыстарының жеткіліксіз деңгейде жүргізілетіні жасырын емес. «Қазақстан Ғарыш сапары» орталықтан алыс жатқан Ертіс, Тереңкөл аудандарын қамти алмайды. Шарбақты ауданына мониторинг жүргізу биылдан басталды. Біз өз тарапымыздан тексерістер жүргіземіз. Бірақ барлық аудан бойынша қоқыс алаңдарын анықтау мүмкін емес.