Елордада су тасқынының алдын алу шаралары қалай жүріп жатыр?
Тасқынның алдын алу үшін төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қар тазалау жұмыстарын қауырт қолға алды. Олардың айтуынша, биыл елордада ақ ұлпа былтырғыдан 80%-ке аз түссе де, қауіп сейілмеген. Оған өткен тәулікте қардың шамадан тыс көп түсуі себеп. Жағдай күрт ушықса, халықты қоныстандыру үшін 4 қонақ үй мен 1500 адамға шақталған 10 уақытша орналастыру пункті дайын тұр. Олар азық-түлікпен және жанар-жағармаймен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ апатты аймақтардағы тұрғындарды құтқару үшін құрамында 663 адам және 185 бірлік техникасы бар азаматтық қорғау органдарының тобы жасақталды.
Бауыржан Бейсенқанов, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы:
- Тұрғын секторда тұратын тұрғындарға, оған қоса мына КСК-лардың төрағаларына, басқарушы компаниялардың төрағаларына айтатыным ауладағы қарды тазартып отырыңыздар. Өйткені қар еріген жағдайда бұл өздеріңізге қолайсыздық әкеледі. Сондықтан осы іс-шараларды орындауларыңызды сұраймыз.