Алматы облысының тұрғыны Владимир Чепель мемлекеттік тілді үйретудің бірыңғай платформасын іске қосты
Ойын емін-еркін жеткізіп, мақалдатып сөйлейтін орыс ұлтының өкілі қазақ тілінің насихатшысына айналды. Әрі замандастарына үлгі көрсетуде. Ол 2019 жылы «Ұлы даланың ұлтаралық қатынас тілі» атты форумда қазақ тілін білудің тиімділігін айтқан еді. Ал былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесіне қатысып, Елбасы бастамасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар жайында баяндады.
Владимир Чепель, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілі:
- Қазақстан халқы Ассамблеясы әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылады. Біз жеткен жетістіктерімізбен бөлісе аламыз. Бұл Елбасының болашаққа бағыттаған және алға қойған мақсаттарының бірі деп ойлаймын. Соның нәтижесінде біз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.