Жас кәсіпкер Сергей Хегай: Қазақстан – еңбек етіп, табысқа кенелемін деушілерге үлкен мүмкіндік алаңы
Кездесу бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылдығы аясында өтеді. Бұл шараны шымкенттіктер де асыға күтіп отыр. Себебі миллионды мегаполис – жүзден астам ұлт өкілінің басын біріктірген аймақ. Солардың бірі – жас кәсіпкер Сергей Хегай. Ол 30 жасында алпауыт жиһаз өндірісін басқарып отыр. «Қазақстан – еңбек етіп, табысқа кенелемін деушілерге үлкен мүмкіндіктің алаңы», - дейді ол. Ұлты корей болғанымен, жаным қазақ деп біледі. Елге деген сүйіспеншілігі оны патриоттық тұлғаға айналдырды.
Сергей Хегай, кәсіпкер:
- Нұрсұлтан Назарбаев дұрыс саясат құрды. Соның арқасында кәсіпорындар пайда болды. Жеңілдетілген шағын кәсіпкерлік жүйесі жақсы дамыды. Менің Отаным – Қазақстан! Себебі мен осында тудым. Біз мұнда өсіп, өз елімізді көркейту үшін барымызды саламыз. Сол үшін барлық жағдай жасалған. Түрлі мәдениет пен дәстүрдің өкілдері дұрыс саясаттың арқасында ел эконикасын көтеруге өз үлестерін қосуда. Ол үшін бағыт айқын.