Хабар телеарнасы

Орны толмас қайғы: Ескендір Хасанғалиев дүниеден озды

Қазақтың біртуар әншісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор Ескендір Хасанғалиев 81 жасында дүниеден өтті. Қайғылы хабарды ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев жеткізді.

«Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты», – деп жазды ол Facebook парақшасында.
Қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып отыр. Орындaу мәнерiмен ерекшеленіп, қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Ескендір Хасанғалиевтің алар орны ерекше еді.  

Еске сала кетейік, 10 сәуірде Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев пен оның жары Дарико Хасанғалиеваның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді.

Арна ұжымы халық әртісінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Қазақ халқының Ескендір Хасанғалиевке деген құрмет-қошеметі қашанда ерек болатыны хақ.

Ескендір Хасанғалиев жайлы деректі фильмді назарларыңызға ұсынамыз: https://khabar.kz/kk/m-ra-at/ba-darlamalar/item/122618-bir-tuyndy-tarikhy-tsikli-ademi-au-derekti-filmi

Ескендір Хасанғалиев «Бенефис-шоуы» : https://www.youtube.com/watch?v=57TJNg7AZrk