«Бір туынды тарихы» циклі: «Әдемі-ау» деректі фильмі
Әдемінің әлеміне бәрі сыяды. Сұлу болса, сәні әдемі, жылуы болса, жаны әдемі. Екеуі бірігіп сазға ұласса, сөзсіз ән әдемі. Әдемілік әлемді әрлендіретін әсірелі сөз ғана емес, әлеуеті күшті, әуресі сиқыр сезім секілді. Бұл сөзді әсіресе әйел затының сұлулығына бекер теңемесе керек.
Композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Әдемі-ау» әні де осы әдеміліктің сиқырымен жазылған. Жас жұлдыздың жарымен танысуына не себеп болды? Алғаш қалай танысты? Әннің тарихы қалай өрбиді?
«Бір туынды тарихы» циклінің «Әдемі-ау» деректі фильмін тамашалаңыздар!