«Нәубет жылдар шежіресі: Қазақстандағы саяси қуған-сүргін» атты облыстық ғылыми танымдық конференция өтті
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде «Нәубет жылдар шежіресі: Қазақстандағы саяси қуған-сүргін» атты облыстық ғылыми танымдық конференция өтті.
Галина Қасымқызының атасы өз заманында бай-дәулетті, елге қамқор, сыйлы кісі болған екен. Алайда нәубетті жылдары бар жиғанын билік тартып алып, өзін Қарағандыдағы еңбекпен түзету лагеріне қамаған.
Галина Қасымқызы, қала тұрғыны:
- Тек байлығын өзі ғана ұстамай, мына отырған елін, бәрін тамақтандырып, қамқорлық жасап отырған. Өзі діндар адам болған. Мешіттердің салынуына қол ұшын созған.
Ескерткіш жанына жиылған Сыр жұрты ұлт үшін басын бәйгеге тіккен боздақтарды 1 минуттық үнсіздікпен еске алды. Ал ғылыми танымдық конференцияда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау шаралары жүйелі жалғасын тауып жатқаны айтылды.
Баймырза Қожамберлиев, философия ғылымдарының докторы:
- Патриоттық сезімнің де үлкен бір белгісі ретінде тарихымыздағы осындай ақтандақтарымызды біздің жастарымыз, жас ұрпақ білсе екен дейміз. Сондықтан да бұл нәубеттің, бұл зұлматтың екінші рет қайталанбайтындай біздің тарихымызда сондай жағдайларды жасасақ деген пікіріміз бар.
Қасіретті жылдары жалған жаламен 100 мыңнан аса ұлтымыздың бас көтерер азаматы сотталып, 25 мыңға жуық асыл тұлғаларымыз репрессияға ұшырады. Құрбан болғандар арасында Сыр топырағының перзенттері де болды. Келелі басқосуға қатысушы ғалымдар ел азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескендердің ерлігін мәңгі есте қалдыруға байланысты тың ойларын ортаға салып, ұсынымдар берілді.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов