Вакциналау паспортын сатқандар ұсталды
Күдіктілер жалған құжат рәсімдеп, екпе флакондарын жойып отырған. «Осылайша бюджеттен бөлінген қаражат текке кетуде. Өйткені вакциналанбай екпе төлқұжатымен жүргендер айналасындағы адамдардың денсаулығына қауіп төндіреді», - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіндегілер. Айта кеткен жөн, жалған паспорт дайындағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Ал Павлодар облысында енді вакциналау бейнекамералар арқылы бақыланады. Екпе жасалатын кабинеттерге бейнежазу құралдары орнатылған. Бұл қандай да бір бюджеттік қаражатты қажет етпейді. Тек емханаларда бұрын орнатылған бейнебақылау камералары екпе салынатын кабинеттерге ауыстырылыпты. Дәрігерлер мұның медицина қызметкерлерінің жұмысын қадағалауға қолайлы екенін айтады. Бейнежазба 30 тәулік бойы сақталады.