Ақтөбеде 1-сынып оқушысын зорлауға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қазір тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құзырлы орган өкілі бұған дейін оқу ордасының директорына жәбірленушінің ата-анасының шағымданғаны айтты. Алғашында жоғары сынып оқушылары мектепте баласының құлағынан тартып, әлімжеттік көрсеткен. Артынша полицейлерге де арызданыпты. Құқық қорғаушылар «кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық әрекет» дерегімен қылмыстық іс тіркеді.
Жолдас Батырхан, Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысы:
- Тергеу амалдары аяқталып, аталған факт толық дәлелденген немесе дәлелденбеген жағдайда мектеп әкімшілігіне байланысты шара қолдану мәселесі көтеріледі. Бұл оқиға шынымен расталатын болса шараның да қатаң болатынын хабарлаймын.