Ауыл әкімдерін сайлау: 71 үміткердің құжаты кері қайтарылды
Олардың 210-ы – өзін-өзі ұсынғандар, қалғандары – саяси партиялардың өкілдері. Барлығы үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Жалпы сайлауға қатысуға 318 азамат ниет білдірген. Алайда үміткерлердің алтауы саяси науқаннан өз еркімен бас тартса, тоғызының кандидатурасы талапқа сай келмеді. Айта кетейік, биыл облыста 95 әкім сайланады. 200-ден астам елді мекенде ашылатын учаскеде 1 мыңға жуық сайлаушы дауыс береді.
Манарбек Сәдуов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Үміткерлердің 157-сі мемлекеттік қызметкер. Олардың ішінде 53-і өзі басқарып отырған елді мекенде қайтадан сайлауға түскелі отыр. Ал 303 кандидаттың 100-і, яғни 33%-і – әйелдер. Үміткерлер арасында 12 ұлттың өкілі бар.
Алдағы саяси науқанда Түркістан облысында бір ауыл әкімінің орнына жеті үміткер таласады. Аумақтық сайлау комиссиясы 214 кандидатты тіркеді. Оның 84-і саяси партиялардың атынан, ал 130-ы – өзін-өзі ұсынған үміткерлер. Әртүрлі себептерге байланысты 71 адамның құжаты кері қайтарылды. 33 үміткер мемлекеттік қызмет туралы заң талаптарына сай болмай шықты. Кандидаттардың арасында 10 әйел бар. Жалпы Түркістан облысы бойынша тікелей дауыс беру арқылы 25 шілде күні 60 ауылдық округтің әкімі сайланады. Үгіт-насихат жұмыстары 23 шілде күні кешкі 18-00-де тоқтатылады.
Әлібек Өмірәлиев, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
- Әр үміткер оның сенімді өкілдері үгіт-насихат жұмыс жүргізу кезінде ақша таратуға, сыйлық беруге тыйым салынады. Көпшілік жерде дастарқан жаюға, тағы басқа жағдайларға қатаң тыйым салынады. Заң бұзған үміткерлер аумақтық сайлау комиссиясының отырысында қаралып, оларға шешім шығарылады не ескерту беріледі. Ал тым қатты заңбұзушылыққа барса, тіркеуден алынып тасталады.